Қосшыда ересек адам 10 жасар баланы ұрған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қосшы қаласында ересек ер адамның 10 жасар баланы ұру оқиғасына қатысты полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-ында Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үй ауласында 10 жасар ұлына дене жарақатын салған 40 жастағы ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.

Анықталғандай, үй ауласындағы ойын алаңында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала арасында жанжал болған. Кейін балалардың бірі әкесіне айтып, шағымданған. Ер адам арыз берушінің ұлын бет тұсынан жұдырықпен ұрған. Бала ата-анасына болған жағдай туралы хабарлаған.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 8-бөлімшесі «Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұған дейін көршісінің үйін балаларымен бірге өртемекші болған көкшетаулық ұсталған еді.




Соңғы жаңалықтар