Қосшыдағы ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы Қосшы ауылында жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосшыдағы ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

«Қосшы тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Халыққа қызмет көрсету орталығы Республика көшесіндегі ғимаратқа көшті. Қазіргі таңда Қосшыда 85 мың адам тұрады. Кенттің әрбір тұрғыны мемлекеттік қызмет алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келеді», - деп жазды «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook -тегі парақшасында.

Бұрын бұл ХҚО «Лесная поляна» ауданындағы үйлердің біріндегі астыңғы қабатта орналасқан еді. Орталық енді жаңа ғимаратқа көшіп отыр.

«Бөлімде 4 маман жұмыс істейді. Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсету секторы да бар. Өткен жылы ғана ХҚО 42 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен», - дейді ол.


фото: facebook.com