Коста Конкордиа кемесінің иелері жолаушыларға өтемақы ретінде 11 мың еуродан төлейді
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда Италия орталығындағы Джилиьо аралының жағасында апатқа ұшырап, батып кеткен «Коста крочере» компаниясына тиесілі «Коста конкордиа» кемесінің иелері жолаушыларға жоғалып кеткен жүк пен психологиялық зардап келтіргені үшін өтемақы ретінде 11 мың еуродан төлеуді ұсынды.
Carnival Cruise Lines әлемдегі ең ірі теңіз круиздарын ұйымдастыратын американдық-британдық фирмасының құрамына кіретін "Коста крочере" күйреудің салдарынан зардап шеккен жолаушыларға саяхатқа кеткен ақша мен көлік шығындарын өтейді. Сондай-ақ кез-келген медициналық шығындардың өтемақысын көтеретін болады. Егерде осы талаптар орындалмаса жолаушылар сотқа шағымдануға құқылы.