«Коста Конкордиа» круиздік кемесінің күйреуінің салдарынан 40-тан астам адам жоғалып кеткен

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Италияның Джильо аралының жағалауында «Коста Конкордиа» круиздік кемесі күйреуінің салдарынан 40-тан астам адам жоғалып кеткен.

«Коста Конкордиа» круиздік кемесінің күйреуінің салдарынан 40-тан астам адам жоғалып кеткен

Оның бортында 4, 3 мың адам болған. Францияның 2 турисі мен Перу елінің бір азаматы қаза тапты, 70-тен астам адам жарақаттанды.

 Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, апат 13 қаңтар күні орын алған итальяндық «Коста Конкордиа» кемесі Рим қаласынан 100 шақырым жердегі Чиветтавеккья портынан шыққаннан кейін, 2,5 сағаттан кеме апатқа ұшыраған. Рифтің қатты соққысынан бортта жарық сөніп, мұхит кемесі бір шетке аударыла бастады.

Қазіргі уақытта апаттың салдары анықталып жатыр.

Кеменің капитаны Франческо Скеттино қасақана емес өлім үшін және де салқындық танытқаны үшін тұтқынға алынды. Жергілікті проуратура тергеу амалдарын  жүргізіп жатыр. Осы қылмысы үшін оны 10 жылға бас бостандығынан айырауы мүмкін.