13:47, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Коста-Рика дағдарыстың салдарынан елшіліктерін жабуда
САН-ХОСЕ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Ауыр қаржылық дағдарысқа байланысты, Коста-Риканың Сыртқы істер министрлігі Боливия, Парагвай, Чехия елдеріндегі елшіліктерін және Чикаго мен Пуэрто-Рикодағы екі консулдығын жабу туралы шешім қабылдап отыр.
«Дипломатиялық өкілдіктерді жабу туралы шешім, олардың қызметтері мен жұмыстарының тиімділіктері егжей-тегжей зерттеліп, ел президенті Оскар Ариас мақұлдағаннан кейін қабылданып отыр», делінген ведомствоның мәлімдемесінде. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.