16:00, 10 Қаңтар 2009 | GMT +5
Коста-Рикада болған жер сілкінісі салдарынан 15 адам қаза болды
МӘСКЕУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат – Коста-Рикада болған жер сілкінісі салдарынан 15 адам қазаға ұшырады, 32 адам жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Коста-Рика үкіметінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының өкілдері мәлімдеді. 1,2 мыңға тарта адам өз үйлерінен шыға алмай қалды. Қазір құтқару жұмыстары жүргізілуде. Рихтер бағаны бойынша тербелісі 6,2 балл жер сілкінісі Коста-Риканың астанасы Сан-Хосе қаласы маңында болды. Жерасты дүмпуінің кіндігі қаладан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде тіркелген. Коста-Рика күшті жер сілкінісі салдарын жоюға халықаралық қоғамдастықтан көмек сұрады. Ел президенті Оскар Ариас табиғи апат көлемі ауқымды болғанын мәлімдеді. Зілзала салдарынан жартастар құлап, жер қыртысы ығысты және ірі гидростансыны істен шығарды, су құбырлары зақымданды. Соның салдарынан 30 мыңға тарта адам ауызсусыз қалды.