Коста-Рикада екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 50 шақты адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Коста-Рикада екі қала маңы пойызы бетпе бет соқтығысты. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

Коста-Рикада екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 50 шақты адам зардап шекті

Апат салдарынан 50 шақты адам жарақат алып, оның көбі ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті БАҚ-тардың жазуына қарағанда зардап шеккендердің саны жүзден асады. Алайда бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Оқиғаға куә болғандардың айтуына қарағанда екі пойызда барынша ақырын кела жатқан. Апат салдарынан бірінші вагондар майысып, терезелері қираған. Жергілікті БАҚ апатқа адами фактор себепші болды деп мәлімдеуде.