Коста-Рикада ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Коста-Рикада шағын ұшақ апатқа ұшырап, бортындағы 12 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.
Мәліметтеріне қарағанда, қайғылы оқиға Коста-Риканың батысындағы Гуанакасте провинциясында болған. Ұшақ орманға құлап, жанып кеткен. Мерт болғандардың екеуі - ұшқыш, қалғаны - жолаушылар.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.