Қостанай әкімдігіндегі пара алу ісінің фигуранты рақымшылыққа ілікті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай әкімдігіндегі атышулы істің фигуранты, кәсіпкер Гагик Овнанян рақымшылыққа құқық алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл шешімді жазасын өтеушілер мен олардың өкілдерінің шағымдары мен қолдаухаттарын, сондай-ақ ҚР Жоғарғы соты кассациялық алқасындағы қадағалау органының наразылығын қарау барысында қабылдады. Прокуратура Овнанянға жазаны жұмсартуға қатысты дауласуға тырысты, алайда оның наразылығы қанағатттандырусыз қалды.
Сот Овнанянның мүддесін қорғаушы адвокат Михаил Щураның қолдаухатын қанағаттандырды. Оның әрекетін ҚР ҚК 367-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы, 3-бөлігі бойынша жіктеді. Пара беру тұжырымынан бірнеше рет деген белгі алып тасталды, соның арқасында Овнанян рақымшылыққа ілікті. Колонияда 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза бұрынғыша қалды, алайда өтелмеген бөлігі 1 жыл 6 айға дейін қысқартылды.
Еске салсақ, Қостанайда ауқымды пара жайында іс бойынша қала әкімі Ахмедбек Ахметжанов, оның екі орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян, кәсіпкерлер Леонид Васильев, Сергей Биктибаев пен Гагик Овнанян түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды. Овнанян осы тізім ішінен рақымшылыққа іліккен екінші адам, бұдан бұрын бұрынғы шенеунік Аракелян рақымшылыққа қол жеткізген.
Еске салсақ, Қостанай №2 сотының 7 сәуірдегі үкімімен қала әкімінің бұрынғы орынбасары Аракелян ҚР ҚК 366-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотталған, оған мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 10 маусымдағы қаулысымен Аракелянға қатысты сот үкімі өзгертілді.
Оған тағайындалған 7 жыл 3 жыл 6 айға қысқартылды. 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» ҚР Заңына сәйкес жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі 6 ай 15 күнге қысқартылды.