Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары бостандыққа шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Пара алғаны үшін сотталған Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев сотта жаза мерзімі (4 жыл) аяқталмағанына қарамастан, бостандыққа шығатын болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары бостандыққа шықты

Қалиев Арқалық қалалық сотына қылмыстық жазасының өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақ түріне ауыстыру туралы қолдаухатпен жүгінген, өтініш қанағаттандырылды. «Сотта УК 161/12 мекеме өкілі Қалиевті оң қырынан сипаттады, - деп нақтыланады баспасөз қызметінің ақпаратында.

«Қолдаухатты қарау кезінде сотталушы жазасының үштен бірі алынып тасталды. Жазасын өтеуші Қалиевте төлемі жоқ, сот үкімі бойынша процессуалдық шығынды өз еркімен жапқан. Іс бойынша азаматтық талап арызы жоқ. Сот қаулысымен сотталушының өтелмеген жазасының бөлігі барлық қылмыстық жаза мерзімінде пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 10 айға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Атап айтқанда, бостандыққа шыққан бұрынғы шенеунік сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін тұратын жерінде болуға міндетті. Уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасынсыз тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстыруға болмайды.

Басқа жерге жазбаша рұқсатсыз шығуға тыйым салынады. Босатылғаннан кейін үш жыл ішінде Қалиев салық органына тұрғылықты жерінен мүлкі мен табыстары туралы деклорация тапсыруы тиіс. Қаулы заңды күшіне енді.