Қостанай, Ақтөбе облыстарында өрт салдарынан ер адам мен бала ажал құшты

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай мен Ақтөбе облыстарында жеке тұрғын үйлер отқа оранған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында өрт салдарынан ер адам мен бала ажал құшты

Қостанай облысында тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 49 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Ақтөбе облысының Никельтау елді мекенінде шыққан өрт сағат 19.55-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 12 маманы мен 2 техникасы тартылды. Тілсіз жау жайпаған аумақтың көлемі 70 шаршы метрді құрап отыр. Оқиға орнынан 9 жастағы баланың мәйіті табылды.