16:14, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының бойында қозғалыс шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.
Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қостанай өңірінде ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қатты жел, көрінудің төмендеуі, боран) «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.