Қостанай аумағында заңсыз жүрген тәжікстандыққа айыппұл салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарабалық аудандық соты Тәжікстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай аумағында заңсыз жүрген тәжікстандыққа айыппұл салынды

«Тәжікстан азаматы ҚР аумағына 2019 жылғы 27 сәуірде «транзит» арқылы кірген. Көші-қон картасын алғаннан кейін 5 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Осылайша, ол Қазақстанда 24 тәулік заңсыз болған, сөйтіп көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Заң бұзушы азамат соттан айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануды сұрап, оны төлеуге дайын екенін мәлім етті.

Сот қаулысы бойынша азамат К. ҚРӘК 517-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.