Қостанай қаласы 138-ші туған күнін тойлап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласы өзінің туған күнін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Биыл облыс орталығына 138 жыл толып отыр. Мерекелік іс-шаралардың легі кеше басталған. Той-думанның көркі бүгін қыза түсті. Орталық алаңға жиылған қостанайлықтарды шаһар басшысы Базыл Жақыпов құттықтады. Мұнан соң қала әкімі қоларбалар керуенін тамашалады. Сити-орталыққа қарай сәл жүрсеңіз, қаладағы барлық білім ошақтарының өнер туындылары қойылған көрмеге тап боласыз.

Мұнда зымыран, алып кемелер, «ЭКСПО» қалашығы, «Ханшатырды» көруге болады.
null 

Кешке облыстық әкімдік алдындағы сахнада жергілікті өнерпаздармен қатар, Ресей жұлдыздары өнер көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар