Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 тамызда Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.