14:08, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистральды газ құбырын тарту мәселесі қаралуда - Серік Нокин
СТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистральды газ құбырын тарту мәселесі қаралуда.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламасы бойынша баяндама жасау кезінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, газ құбыры өтетін дәлізде Астана қаласы және Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының елді мекендерін газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. «Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы мен қайта жөндеуді қаржыландыру бағдарламада ескерілген жалпы ұстанымдарға сәйкес жүргізіледі»,-деді С. Нокин.