Қостанай колониясының қызметкері есірткі сатқаны үшін сотталды

ҚОСТАНАЙ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қатаң режимдегі колонияның бұрынғы қызметкеріне үкім шығарылды.
None
None

Бұрын Қостанай облысы бойынша  сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болған лейтенант Руслан Очаев қызмет бабын пайдаланып, қызмет мүддесіне көрінеу нұқсан келтіргені және  ірі көлемдегі заңсыз есірткі тасымалдағаны үшін айыпты деп танылды.

Сот Очаевтың сотталушыға «Nokia-1209» маркалы ұялы телефонды заңсыз беріп, сондай-ақ «героин» есіртікілік затын аса ірі көлемде сатып алғанын, кейіннен оны заңсыз тасымалдап, өзімен бірге сату үшін ұстағанын анықтады. Есірткіні түрмеге компьютердің сымсыз тімтуіріне жасырып өткізбекші болды. Ол түрмеге кіру кезінде лейтенанттың киімдерін тексергенде анықталды.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Очаевты қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Соңғы жаңалықтар