Қостанай мектептерінде екпе пункттері ашылды

«Халықтың басым бөлігін вакцинациямен қамту үшін барлық іс-шараларды қабылдап жатырмыз. Сол себепті мектептердегі медицина пункттерінде жұмылдырудамыз. Қостанай әкімінің бастамасымен қаладағы бірқатар мектепте екпе пункттерін аштық. Бұл пункттер қандай да бір себептермен емханаға келе алмайтын немесе емханадан шалғайда тұратын халықты қамту үшін ашылып отыр. Күн сайын таңертең вакцина әкелінеді, ал кешкісін емханаға жеткізіледі. Барлық шарттары сақталады», - деді қалалық №4 емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова.
Айта кетерлігі, мектептердің жанына екпе пункттерін ашу туралы шешім коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб отырыстарының бірінде қабылданған болатын. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Саят Шаймұрыновтың атап өтуінше, қаланың шағын аудандарындағы пункттер тұрғындарға қолайлы болуы үшін ашылған. Олар таңертеңнен кешке дейін демалыссыз жұмыс істейді.
«Қостанайда қосымша пункттерден бөлек сауда ойын-сауық орталықтарында жылжымалы пункттер де жұмыс істеп тұр. Ал қосымша пункттер емханаларға жүктемені азайту және шалғай шағын аудандар мен қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарына қолайлы болуы үшін ашылды. Адамдар жұмыстан кейін емін-еркін жақын маңдағы мектептен екпе алуы үшін жасалды», - деді Саят Шайжүнісов.
Бүгінге дейін Қостанайдың 250 мың тұрғынының 90 мыңы вакцина алып үлгерді. Жалпы қалада 164 мың адам вакцинация алуы тиіс.