Қостанай мен Ақмола облысы аумағында жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты бірқатар республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Жезқазған-Петропавл» жолының 340 шақырымындағы Арқалық қаласынан бастап 595 шақырымдағы СҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлері үшін жол жабық.
Сонымен қатар, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 108-260 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу бар.
Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағындағы боран салдарынан «Екатеринбор-Алматы» жолының 856-1006 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Атбасар қаласы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бүгін таңертеңнен «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы аралығы да жабық.