Қостанай облысында 50-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Анықталған 48 қоқыс үйіндісінің 35-і жойылды.

мусор, свалка
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысының полиция департаментінің түсіндіруінше, рейдтер еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізіліп жатыр. Қостанай облысында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, 2024 жылдың басынан бері өңірде шамамен 5 мың тексеру жүргізілген.

Қостанай облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Толқын Әбілнасыровтың айтуынша, рейд нәтижесінде 48 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, олардың 35-і жойылған.

Сондай-ақ акция аясында абаттандыру ережелерін бұзудың 4 000-нан астам дерегі және ортақ пайдалану орындарын ластаудың 783 фактісі тіркелген.

мусор, свалка
Фото: Қостанай облысының ПД

— Облыс орталығында жыл басынан бері төрт ірі қоқыс орны анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке шамамен 1 500 адам тартылды. Бұл бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 505 және 344-баптары бойынша тіркеледі, — деді Қостанай қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Ернұр Алтаев.

Жағдайды бақылау үшін «Ғарыш сапары» спутниктік жүйесі қолданылады. Бұл жүйе қоқыс орындарының пайда болуы мен жойылуын бақылауға, нақты есеп жүргізуге және әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

мусор, свалка
Фото: Қостанай облысының ПД

Сондай-ақ, шешімдердің бірі ретінде қоқыс жиналатын орындарға орнатылатын мобильді «фото-қақпан» камералары енгізілді. Бұл құрылғылар заң бұзу әрекеттерін тіркеп, кінәлілерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін Қостанайда қоқыс полигоны өртенгені туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар