Қостанай облысында 500-ге жуық спорт нысаны жарамсыз болып шықты
Қостанай облысында нысандарды түгендеу барысында спортпен айналысуға жарамсыз 481 құрылым анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұған стадиондар, спорт кешендері, шаңғы базалары, хоккей корттары, спорт алаңдары, бассейндер мен ипподромдар кіреді.
- Түгендеу қорытындысы бойынша ең көп жарамсыз объект Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында анықталды – 55, Қарасу ауданында – 49 және Ұзынкөл ауданында – 45. Қостанай қаласында тек екі ғимарат жарамсыз болып шықты, Лисаков қаласындағы спорт ғимараттары толық сақталған, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елена Киреева.
Облыста барлығы 1343 спорт нысаны бар, оның ішінде 25 стадион, үш спорт сарайы, 52 спорт кешені және т.б. Спорт мектептерінде 20 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер оқиды. Сондықтан спорт ғимараттары оқу-жаттығу жұмыстарына ғана емес, сонымен қатар облыстық және аудандық жарыстарды өткізуге де пайдаланылады. Олардың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын жаз мезгілінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды, жұмыс көлемі 846 миллион теңгені құрайды.
— Биыл Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданындағы жаңа мұз спорты сарайын жылытатын және салқындататын инженерлік жүйелерді жеткізу және орнату жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстың құны 109,2 млн теңгені құрайды,- деді Елена Киреева.
Сонымен қатар, 2024 жылға арналған бюджеттік комиссия 17,9 млн теңгенің бірқатар жобасын қолдады. Жөндеу жұмыстары күз-жаз мезгілінде жүргізіледі деп жоспарланып отыр.