Қостанай облысында балық питомниктеріне заңсыз төленген субсидиялар өндірілді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру барысында балық питомниктеріне заңсыз субсидия төленгені анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қостанай облысында балық питомниктеріне заңсыз төленген субсидиялар өндірілді
Фото: polisia.kz

Бұл шығыстар заң талаптарына сәйкес келмеген. Прокуратура өз бақылау актісі негізінде облыс әкімдігін 66 миллион теңге сомасындағы негізсіз субсидияларды қайтару үшін сотқа талап-арыз түсіруге міндеттеді.

2026 жылдың 28 қаңтарында Қостанай облыстық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот шешімі заңды күшіне енді.

Аталмыш іс – табиғат ресурстарын қорғау және мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мәселелеріне қатысты жүргізілген бақылаудың нәтижесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқашта 100 келіден астам заңсыз балық аулаған 4 адам ұсталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум