Қостанай облысында бір аптадан бері жоғалған шопан табылмай жатыр

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысында 5 қарашада ауыл тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қостанай облысы
Фото: Қостанай облысының ТЖД

Ер адам Қарабалық ауданы, Славенка ауылына мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жұмыс беруші шопанның жоғалып кеткені туралы 5 қарашада хабарлаған. Іздеу операциясына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шекарашылар, еріктілер, мүдделі азаматтар, кинологтар, сондай-ақ іздестіру иттері мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылған. 

Сондай-ақ жергілікті билік өкілдері азаматтарға күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар