Қостанай облысында екі қыз өзенге батып кетті

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті.

Қостанай облысында екі жасөспірім өзенге батып кетті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар