Қостанай облысында қар құрсауында қалған 24 адам құтқарылды

Қостанайда тасжолда қар құрсауында қалған 24 адам құтқарылды уть не остались под снегом в Костанайской области
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысының құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Осылайша, 5 ақпанда Қостанай облысындағы Рудный-Қашар-Федоровка тасжолында, Сарыкөл жағасында және Арқалық-Торғай тасжолында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған көліктерден 24 адам құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты құтқарушылар қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті тағы бір мәрте еске салды.

24 человека чуть не остались под снегом в Костанайской области
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

«Жүргізушілер жолда шығар алдында көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалау керек. Күн райына қатысты ескерту алған кезде, әсіресе түнде және қолайсыз ауа райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпау және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден аулақ болу керек», - деп ескертті Қостанай облыстық ТЖД-дан.

Соңғы жаңалықтар