Қостанай облысында қой іздеуге шыққан малшы адасып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысында адасып кеткен малшыны жарты сағаттың ішінде тапқан. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

малшы, адасу
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оның жоғалғаны туралы бүгін таңертең мәлім болды. 1967 жылы туған ер адам кеше таңертең Жангелдин ауданының Шеген ауылына қарай қой іздеуге шыққан.

— Қатты тұман түріндегі қолайсыз ауа райына байланысты малшы бағдарын жоғалтып, адасып кетті. Оның байланыс құралы болмаған. Іздестіруге құтқарушылар, полиция және ЖАО қызметкерлері шықты. 23 минут ішінде құтқарушылар ер адамды тауып алды, — делінген хабарламада.

Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бұған дейін Өскеменде 5 қабатты үйден шыққан өрттен 6 адам құтқарылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Қостанай облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылғаны хабарланды.