Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды

16 желтоқсан кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Полиция
Фото: ІІМ

Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде келді. Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды.

«Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жүріп, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді.

Олар суға кеткен тұрғындарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды», — делінген ІІМ хабарламасында.

Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды

Соңғы жаңалықтар