Қостанай облысында синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топ құрықталды
Қостанай облысында полицейлер синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында “синтетиканы” таратумен айналысқан.
Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын жас ерлі-зайыптылар zip пакеттерге салып, шағын доза жасап, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығын анықтады.
Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған.
Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңген тұрады.
– Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.