Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Қостанай облысы
Фото: Қостанай облысы ПД

АСТАНА. KAZINFORM – Жол апаты Торғай-Арқалық тасжолында болған. Жеңіл автокөліктің руліне ие бола алмай қалған жүргізуші ГАЗель-ге соққан, салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала сол жерде қайтыс болды. Тағы бір науқас ауруханада жан тапсырған.

Аталған факт бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«16 қыркүйек күні кешке Жангелдин ауданы Торғай ауылының маңындағы «Торғай-Арқалық» автожолының 17-ші шақырымында Lexus автокөлігінің ГАЗельмен жол-көлік апаты болды. Екі көлік те Арқалық қаласына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus автокөлігінің жүргізушісі басып озып, рулді басқара алмай, екінші көлікке соққан», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Апат салдарынан Lexus автокөлігіндегі екі жолаушы және балалар алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды.

Тәртіп сақшылары жолаушыларға жол ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram