Қостанай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қамысты және Наурызым аудандарында құрғақ өсімдіктердің жекелеген ошақтары тіркелген. Ұрқаш және Дружба ауылдарының арасында от локализацияланған.
— Өрт сөндірушілерге көмекке «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды, оған 16 су төгу жұмысы іске асырылып, шамамен 48 текше метр су құйылды. Борт тек сөндіруге ғана емес, сонымен қатар аумақты аэровизуалды тексеруге де қатыстырылған, — делінген хабарламада.
Елді мекендер мен орман қорына қауіп жоқ. Жағдай ҚР ТЖМ тұрақты бақылауында.
Айта кетелік өрт сөндірушілер Қостанай облысындағы дала өртімен күресіп жатқаны туралы жазған едік.