Қостанай облысының тұрғындары «Солтүстік шұғыласына» куә болды

Қостанай
Фото: Instagram/@ilovekostanay

Қостанай облысы тұрғындары еліміздің солтүстік өңіріндегі ерекше құбылысты суретке түсіріп алған. Түнгі аспандағы таңғажайып шұғыла түсірілген кадрла әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Kazinform

Оқырмандар облыстың түрлі аймақтарынан түсірілген суреттерді бөлісіп жатыр. «Солтүстік шұғыласын» Лисаковск, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоровск пен Меңдіғара аудандарының тұрғындары тамашалаған. Ол жақта аспан қызыл-жасыл түске боялды.

Мұндай ерекше құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған.

Соңғы жаңалықтар