Қостанай облысының тұрғындарын шілдеде аптап ыстық күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Шілде айында Қостанай облысында аптап ыстық, найзағайлы жаңбырлы күндер мен шаңды дауылдар күтіліп отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қостанай облысының тұрғындарын шілдеде аптап ыстық күтіп тұр
Фото: Kazinform / Дарья Аверченко

Синоптиктердің болжамынша, айлық орташа ауа температурасы +19,7...+24,2 градус аралығында болып, климаттық нормаға жуық болады.

Шілденің бірінші онкүндігінде түнгі температура +8...+13 градустан +13...+18 градусқа дейін, ал күндіз +20...+25 градустан +29...+34 градусқа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңына қарай күннің жылынуы күтіледі.

Екінші онкүндікте аптап ыстық күшейеді. Түнде ауа температурасы кей жерлерде +20...+25 градусқа дейін жетсе, күндіз +32...+37 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанып отыр. Кейін температура ауытқып тұрады: түнде +14...+19 градустан +20...+25 градусқа дейін, күндіз +26...+31 градустан +32...+37 градусқа дейін болады.

Айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендейді. Түнде +15...+20 градус, күндіз +25...+30 градус шамасында болады. Алайда кейіннен ыстық қайта күшейіп, күндіз ауа температурасы +30...+35 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады деп күтіліп отыр. Өңірдің оңтүстігінде бұл көрсеткіш нормаға жуық болады. Қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің басы мен соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің ортасы мен соңында болжанып отыр.

Сонымен қатар ай бойы желдің күшеюі күтіледі. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Шаңды дауылдар бірінші онкүндіктің басында, сондай-ақ екінші онкүндіктің басы мен соңында болуы ықтимал.

Бұған дейін мамандар Қазақстандағы климаттың барған сайын құбылмалы сипат алып бара жатқанын айтып, биылғы жаздың ерекшеліктері туралы болжам жасаған еді.

Сондай-ақ климат өзгерісі күшейіп, 2026 жылдың мамыры тарихи көрсеткішке жеткенін жаздық.