Қостанай облыстық балалар үйі жабылады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Тәрбиеленушілердің азаюына байланысты Қостанай облыстық балалар үйі жабылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық балалар үйі жабылады

Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова растады.

"Бүгінде облыстық балалар үйінде небәрі 52 тәрбиеленуші бар. Жоспар бойынша, бұл мекеме 165  орынға шақталған. Биылғы оқу жылын 25 бала тәмамдайын деп отыр. Сол себепті, балалар үйі биыл жабылмақ", - деді басқарма басшысы.

Ал қалған 32 бала Рудныйға көшіріледі. 

Даумованың сөзінше, жабылғалы тұрған балалар үйі алдағы қыркүйектен бастап IT-технология мектебіне беріледі. Ол «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында құрылады.