Қостанай облыстық мәслихатының жаңа құрамы жасақталды
Қостанай облыстық мәслихатына депутаттар сайлауының бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша қорытындысы мынадай:
Сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы саны – 554 655.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны – 365 465.
Сайлау округтерінің жалпы саны – 16.
Дауысқа түскен үміткерлердің жалпы саны – 54.
№1 сайлау округі бойынша Утебаева Динара Каирбековна сайланды. Ол 1978 жылы туған, «Қостанай облысының «Грин» азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрайымы, Қостанай қаласында тұрады.
№2 сайлау округі бойынша Есеева Гайния Калимжановна сайланды. Ол 1986 жылы туған, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің профессоры, Қостанай ауданының Заречное ауылында тұрады.
№3 сайлау округі бойынша Умбетов Даулет Мукатаевич сайланды. Ол 1970 жылы туған, № 24 мектеп-гимназия мұғалімі, Қостанай қаласында тұрады.
№4 сайлау округі бойынша Скородиевский Иван Иванович сайланды. Ол 1979 жылы туған, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының директоры, Қостанай қаласында тұрады.
№5 сайлау округі бойынша Сотников Евгений Владимирович сайланды. Ол 1985 жылы туған, «Кабельные сети Костаная» ЖШС менеджері, Қостанай қаласында тұрады.
№6 сайлау округі бойынша Алькенов Ерлан Дастанович сайланды. Ол 1961 жылы туған, «ССКБӨБ» АҚ вице-президенті, Рудный қаласында тұрады.
№7 сайлау округі бойынша Казбеков Кайрат Казиханович сайланды, 1971 жылы туған, «Профессиональный клуб «Аят» ЖШС директоры, Рудный қаласында тұрады.
№8 сайлау округі бойынша Злой Анатолий Васильевич сайланды. Ол 1983 жылы туған, «ЖК Ленинское» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.
№9 сайлау округі бойынша Мирасов Данияр Женисович сайланды. Ол 1989 жылы туған, «Надеждинка» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.
№10 сайлау округі бойынша Ещанов Сайлаубек Ергазинович сайланды. Ол 1958 жылы туған, зейнеткер, Қостанай қаласында тұрады.
№11 сайлау округі бойынша Нұрмаған Манарбек Рахымұлы сайланды. Ол 1985 жылы туған, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРБ директоры, Лисаков қаласында тұрады.
№12 сайлау округі бойынша Нурхожаев Ербол Сапарбаевич сайланды. Ол 1973 жылы туған, «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасы, Жітіқара қаласында тұрады.
№13 сайлау округі бойынша Даниленко Олег Олегович сайланды. Ол 1977 жылы туған, «Агрофирма Диевская» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Қостанай қаласында тұрады.
№14 сайлау округі бойынша Карабаев Булат Жумашевич сайланды. Ол 1966 жылы туған, «Мирас» шаруа қожалығының жетекшісі, Тобыл қаласында тұрады.
№15 сайлау округі бойынша Ерденов Абыл Умирбекович сайланды. Ол 1976 жылы туған, «Ерденов» ЖК басшысы, Арқалық қаласында тұрады.
№16 сайлау округі бойынша Оспанов Кайрат Бахитжанович сайланды. Ол 1967 жылы туған, «Турар» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.
Өңірде сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны – 5.
Әр саяси партияға берілген дауыстардың саны:
«Амаnat» партиясы – 195 232.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 44 220.
«Respublica» партиясы – 22 115.
«Қазақстан халық партиясы» – 22 325.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 66 220.
Осылайша, партиялар облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша неше депутат ұсына алатыны белгілі болды.
«Амаnat» партиясы – 9.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2.
«Respublica» партиясы – 1.
«Қазақстан халық партиясы» – 1.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 3.