Қостанай облыстық прокуратурасының араласуынан кейін «Север-птица» АҚ-да жалақы бойынша жиналған 24 млн. теңге қарыз өтелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы прокуратура, атқарушы өндіріс және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде жалақы бойынша қарызды өтеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қостанай облыстық прокуратурасының араласуынан кейін «Север-птица» АҚ-да жалақы бойынша жиналған 24 млн. теңге қарыз өтелді

Қолданған шаралардың арқасында жалақы қарыздары 88 млн. теңгеден 6 млн. теңгеге дейін төмендетіліп, 639 еңбек етуші адамның құқығы қорғалды.

Мысалы, 2 күннің ішінде «Север-птица» АҚ-ның 293 жұмыскерінің алдында 24 млн. теңге қарызды өтеу мүмкін болды.

Бұл жалақы бойынша қарызды уақтылы өтеудің жалғыз мысалы емес. Аталған бағытта жұмыс жалғастырылып келеді, деп атап өтті аймақ прокуратурасынан.