Қостанай облыстық сотында жаңа тағайындаулар болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Ғ.Мырзаке облыстық соттың жаңа судьяларын таныстырды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 25 мамырындағы №29 Жарлығымен Нұров Сергей Мұратұлы Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Мухтеева Гүлфия Камалқызы Жітіқара аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып Қостанай облыстық сотының судьялары болып тағайындалды. Облыстық соттың судьяларын таныстырған сот төрағасы оларға табысты еңбек, сот төрелігін сапалы жүргізуді тіледі. Сонымен қатар жалпы отырыста облыстық сот судьялары Қ.Өтетілеуов пен Л.Щесняктың отставкаға шығу құқықтары бекітілді.

Соңғы жаңалықтар