Қостанай облысы Астанаға төмендетілген бағамен ауылшаруашылық өнімдерін әкелді

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін әкімдік алдындағы қалалық алаңда Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды.

Қостанай облысы Астанаға төмендетілген бағамен ауылшаруашылық өнімдерін әкелді

astana.kz сайтында хабарланғандай, қостанайлықтар төмендетілген бағамен 30-дан астам өнім түрлерін ұсынды. Құрбан айтты мерекелеу кезінде жәрмеңке күндері (27-28 қазан) келушілерге бауырсақ пен тәттілер ұсынылады.