Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметінен босатылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендейі, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 шілдедегі өкімімен Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Олжабайұлы Теменов өкілеттік мерзімінің аяқталуы және берілген өтінішіне байланысты қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Еран Теменов бұл қызметте 2019 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеді.
Ол 1971 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
1993 – 1995 жылдары Қостанай облысы Арқалық ауданы бойынша салық инспекциясының азаматтарға салық салу және басқа да кірістер бөлімінің салық инспекторы;
1995-1997 жылдары Қостанай облысы Арқалық ауданы бойынша салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің аға салық инспекторы;
1997-1997 жылдары Қостанай облысы Арқалық ауданы бойынша салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің бас салық инспекторы;
1997-1998 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша салық бөлімінің жеке кәсіпкерлерге салық салу бөлімінің аға салық инспекторы;
1998-1999 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша Салық комитетінің мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы;
1999-1999 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша Салық комитетінің мәжбүрлеп өндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
1999-2000 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша Салық комитетінің мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бастығы;
2000-2001 жылдары Ақмола облысы Ерейментау ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің бастығы;
2001-2001 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін жүктей отырып, өндіріп алу бөлімінің бастығы;
2001-2005 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;
2005-2010 жылдары Қостанай облысы Қарабалық ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
2010-2015 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;
2015 жылы «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ әдіскер;
2015-2017 жылдары Қостанай қаласы әкімінің экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары;
2017-2019 жылдары Меңдіқара ауданының әкімі.