Қостанай облысы «қызыл аймақтан» шықты
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақтан» шығып, «сарыға» кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өңірдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.
Өңірде бүгінгі мәліметке сәйкес COVID-19-дың 60 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құраған.
«48 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген, 10 адам коронавирустық инфекция жұқтырғандармен байланыста болған, 2 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 29 желтоқсан аралығында COVID-19-дың 7447 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7229», делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақтан» шықты.