20:15, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Қостанай облысы: «Варваринское» АҚ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қолдауға 100 млн. теңге бөледі
ҚОСТАНАЙ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанайда облыстық әкімдік және «Варваринское» АҚ-ның арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті.

Бизнестің әлеуемттік жауапкершілігі идеясын іске асыру туралы айтылатын құжатқа Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен «Варваринское» АҚ-ның бас директоры Николай Гончаров қол қойды.
Меморандумда демеушілік көмектің көлемі аталды - 100 млн. теңге. Қол қойылған құжат аясында 40 миллион теңге «№7 бөбекжайдың» күрделі жөнделуіне, ал 60 миллион теңге - «Тобыл» футбол клубының балалар спорттық мектебін қолдауға жіберілетіні хабарланады.