Қостанай облысында 1 ауыл, 4 көшенің атауы өзгермек

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданына қарасты Глазунов ауылы енді Айсары деп аталмақ. Бұл туралы ауыл тұрғындары өткізген жиында мәлімет етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап.
None
None

Глазунов ауылы және ондағы төрт көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс тұрғындар тарапынан жергілікті әкімдікке қаңтар айында түскен. Селолық округ әкімі Бауыржан Нұрғазиннің айтуынша, бұл ұсыныс хатқа 210 адам қол қойған. Қол қоюшылардың арасында Семенов, Глазунов, Степной ауылдары тұрғындарынан құралған қауымдастық өкілдері бар.

«Бұл қауымдастықты құрушы да, мүшелерін тағайындаушы да тұрғындардың өздері. Олар төрт жылға тағайындалады. Міндеттеріне селолық округтің барлық бюджеттік бағдарламаларын және өзге де мәселелерін шешу кіреді. Бұл құрамда ЖШС директорлары, шаруа қожалықтарының басшылары, зейнеткерлер, жұмыссыздар бар. Олар ауыл атауының өзгеруін жақтап дауыс берді», - деді Б.Нұрғазин.

Сонымен, Глазунов селолық округі Айсары округі деп аталатын болады. Негізінде, Айсары - аталған елді мекеннің көне атауы. Көзкөргендердің айтуынша, кезінде Айсары өзенінің бойында Торғай-Қостанай пошта таситын  жол болған. Кейінірек Глазунов есімді көпес елді мекенді сатып алып, қоныстанушыларға жалға беріп отырған. Тұрғындар осы көпестің құрметіне ауылды Глазунов деп атап кеткен деседі.

Енді мұнымен қоса, Глазуновтағы Комсомол көшесіне - Тәуелсіздік, Озерный көшесіне - Астананың 20 жылдығы, Спортивный көшесіне - Достық, Орденоносный көшесіне Бірлік атаулары берілмек.

Соңғы жаңалықтар