Қостанай облысында 12 жасар өгей қызын зорлады деген күдікті ұсталды
ЛИСАКОВ. ҚазАқпарат – Лисаков қаласында өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Жүкті болып қалған 12 жасар оқушы перинаталдық орталықта жатыр.
«ҚР ҚК 120-бабы бойынша («Зорлау») соталды тексеру жүргізілуде. Осы іске қатысты қыздың өгей әкесі саналатын 29 жастағы ер адам қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, жағдайды зерттеу жұмыстары басталды», - делінген полицияның ақпаратында.