Қостанай облысында 155 қоқыс полигоны жойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 313 заңсыз қоқыс полигоны бар. Бұл туралы «Qostanai — adaldyq alany» жобалық кеңсесінің онлайн конференциясында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында 155 қоқыс полигоны жойылды

Жақында «Ғарыш Сапары» ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы Қостанай облысында қоқыс қалдықтарын рұқсатсыз орналастырған 313 учаске анықталды. Қазіргі уақытта оның 155 алқабы жойылды. Қалған 158 қоқыс полигонын жою туралы жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді. Сондай-ақ қоқыс алқаптарын тиімсіз ұйымдастырған 26 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Таяуда өңірлік Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы қамауға алынды. Ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларды өрескел бұзып, қоқыс қалдықтарын шығару жобалары бойынша бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Барлықтарыңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға шақырамын. Қоқыс алаңы кімге тиесілі? Міне, жауапты адам да сол! Аумақтағы ұйымдармен және жеке тұлғалармен тұрақты негізде түсінік жұмыстарын жүргізу қажет. Қоқыс полигонын дұрыс ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды әкімдердің рейтингіне қосуға болады», - деді жиын барысында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.

Аймақта қоршаған ортаға жағдайларын бақылау үшін арнайы сараптамалық комиссия құрылған. Мамандар қоқыс полигондарының заңсыз пайда болуына жол бермеуге жауапты. Олар тоқсан сайын рейд шараларын ұйымдастырады.