Қостанай облысында 23 жастағы жігіт жоғалып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бір апта бұрын үйінен шығып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында 23 жастағы жігіт жоғалып кетті

Артем Исупов Қарасу ауданы Жалғысхан ауылындағы үйінен 12 қазан күні шығып кеткен. Туған-туыстары оның қайда бағыт алғанын білмейді.

Артем Исуповтің бойы - 182 см, ірі денелі. Сол жақ қолын күйік шалған. Үстіне қара күрте, сұр түсті шалбар, жеңіл аяқ киім киіп шыққан.

Ол туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, мына нөмірлерге хабарласыңыз:

8705 766 65 84, 8 776 712 98 15 немесе 102.