Қостанай облысында 38 емдеу мекемесі қалыпты жұмысқа көшті

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты провизорлық стационарлар жабылып жатыр. Қазіргі таңда олардың базасында дезинфекциялық өңдеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап.
None
None

Алдағы уақытта шұғыл және жоспарлы акушерлік-гинекологиялық және хирургиялық бейіндегі науқастарды қабылдау мен емдеу шаралары қайта басталады. Басқа да науқастарды қабылдау қалыпты форматта жалғасады. Бүгінде өңірдегі 38 емдеу мекемесі пациент қабылдау жұмысын бастап кетті.

Осы ретте Міндетті әлемуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін қаржыландыру көлемі жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмыстарының қайта басталуына байланысты ұлғая түспек. Әзірге, бұл бағытта осы жылға бөлінген соманың 30 проценті игерілген. Облыс бойынша стационарлық көмек көрсетуге барлығы 10 млрд теңге бөлінді.

Қазір облыста КВИ диагностикалық шаралары жеті зертхана базасында жүргізіліп жатыр. Олар тәулігіне 2500-ден астам зерттеу жүргізуге қауқарлы.

Бұдан бөлек облыста дәрігерлерді қолдау шаралары жалғасуда. Аудандар үшін 80 санитариялық көлік сатып алынды. Жақын арада тағы 30 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр.

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында облыста тұрақтандыру қоры құрылды. Фармацевтикалық ұйымдарға 300 млн теңге сомасында қайтарымды қаржы бөлінді. Кадр тапшылығын болдырмау үшін денсаулық сақтау саласына 27 маман тарту шаралары іске асып жатыр. Жақын арада жас мамандарға 20 пәтер беріледі», - делінген штаб ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар