Қостанай облысында 55 жасар ер адамды «КамАз» қағып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –Затобольск мен Заречный ауылдарының арасындағы жолда жүк көлігі қағып кеткен 55 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстыұ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 55 жасар ер адамды «КамАз» қағып кетті

Белгілісі, 55 жасар ер адам рұқсат етілмеген жерден жолдан кесіп өтпек болған. Оны «КамАЗ» жүк көлігі қағып кеткен.

«Осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментіндегілер.

Жол-көлік оқиғасының жан түршігерлік видеосы мессенджерлерде тарап кетті.

Авторы Жанна Нақыпова