10:38, 28 Шілде 2012 | GMT +5
Қостанай облысында 59 жастағы ер адам балық аулау кезінде суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Жоғарғы Тобыл су қоймасында балық аулау кезінде 59 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында 27 шілде күні Жоғарғы Тобыл су қоймасында 59 жастағы ер адам балық аулау кезінде суға кетті. Оның мәйітін балықшылар судан шығарды.
Сондай-ақ, кеше Атырау қаласында «ТЭЦ» арығында суға түсу кезінде 44 жастағы ер адам батып кетті. ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) оның мәйіті жағаға шығарылды.