Қостанай облысында алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы мониторингі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цехтың қызметін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех табылды

Агентіктің баспаөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленді.

«Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.





Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото