Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектеп жоқ - Мұхамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектеп жоқ. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектеп жоқ - Мұхамбетов

«Облыста апатты және үш ауысымды мектеп жоқ екендігін атап өткім келеді. 78 білім беру нысанында күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Осы мақсатқа 2,6 млрд теңге көзделіп отыр. Аталған қаражатқа спорттық жабдықтармен жарақтандыру қамтамасыз етіледі. Оқушы жиһазы жаңартылады. Оқу кабинеттері, STEM зертханалар, блокты-модульдік қазандық және қазандар, турникеттер мен бейнебақылау жүйелері, оқу зертханалары және тағы басқалар сатып алынады», - деді Архимед Мұхамбетов.