Қостанай облысында Армениядан әкелінген 258 көлік тіркелді
Тіркеуге алынған барлық автокөлік иесіне сары түсті нөмір мен мемлекеттік тіркеу белгілері берілді.
«Облысқа Армениядан барлығы 763 автокөлік әкелінді. Оның 313-і тіркеуге жатпайды, 17 көліктің VIN-код белгісі бар. Қазіргі уақытта есепке 255 көлік құралы қойылды. Тіркелгеннен кейін автокөлік иелері Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде еркін жүріп-тұра алады, жыл сайынғы техникалық тексеруден өте алады, сондай-ақ көлікке салынатын жол салығы үшін төлем жасай алады.
Автокөлік құралдарын тіркеуден басқа, полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Call-орталық жұмыс істейді. Көлікті уақытша тіркеу мәселелері бойынша «жедел желі« телефонына 500-ден астам азамат жүгінді», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмагулов.
Қазір полиция қызметкерлері күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Машиналарды тіркеу үшін тек үш төлем қажет. Олар: тіркеу үшін алым - 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж - 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы шамамен 12 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мерзімі осы жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады. Тіркеуден өтпеген жағдайда көлік құралдарының жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша автомашиналарды айыппұл тұрағына қоя отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мерзімдерді ұзарту көзделмеген. Қостанай облысында осы мәселе бойынша
Call-орталық жұмыс істейді. Телефон нөмірлері: 8-708-475-38-29, 8-7142-75-38-29. «Жедел желі» сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін іске қосулы.